Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде шахталардың бірінде кенші қаза тапты

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2014
  • 1018

Ал Шығыс Қазақстанда кеніштердің бірінде қайғылы жағдай орын алды. Кеше кешкісін Зырян ауданында «Қазцинк» кәсіпорнына қарасты Малеевск кешенінде кен массасы опырылып кеткен. Салдарынан қазбаны тиеп-тасымалдайтын көлік топырақ астында қалды. 45 жастағы жүргізуші апат орнында қаза тапты. Құтқарушылыр үйіндіні аршығанымен, қандай да бір көмек көрсетуге кеш еді.

Қазір оқиға орнында екі бірдей құтқару отряды жұмысқа кіріскен. Арнайы құрылғымен жүк көлігін аршып алу жұмыстары жүргізілуде. Қаза болған машинистің туыстарына психолог мамандар көмекке келді. Марқұмның отбасына тиісті материалдық көмек көрсетілетін болды.

Рустам Шідердинов, ШҚО прокуратурасының бөлім бастығы:

Қазіргі кезде аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалған. 152-баптың 2-тармағымен, тексеру жүргізіліп жатыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ