Русский Сайттың толық нұсқасы

Cайлау науқанын бақылайтын шетелдік байқаушылардың саны артып жатыр

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2016
  • 1551

Алдағы Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау барысын қадағалайтын байқаушылардың саны артты. Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданған қаулыға сәйкес,  ТМД миссиясынан екі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 4 байқаушы акредиттелді. Халықаралық байқаушылар саны сондай-ақ 14 шет мемлекеттің өкілімен толықты. Армения, Әзірбайжан, Латвия, Эстония республикалары, Грузия, Малайзия және Ресей Федерациясынан екі-екіден байқаушы келді. Осылайша Қазақстандағы электоралды науқанды байқауға ресми тіркелген азаматтардың саны 175-ке жетті. Сонымен қатар 26 мемлекет ақпарат құралдарының 112 өкілі сайлаудың ашықтығын қадағалайды. Шетелдік байқаушыларды тіркеу 14-ші наурызға дейін жалғасады. 


Азамат АЛДОҢҒАРОВ