Алматы облысында ұшақ апатқа ұшырады. Кеше кешкісін Талдықорған әуе базасының СУ-27 әскери ұшағы
радардан жоғалып кеткен. Бірден ұшақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Түнгі
сағат бір шамасында Көксу ауданындағы Жаңалық ауылынан 15 шақырым қашықтықтан
әскери ұшақтың сынықтары табылған. Іздестіру жұмыстарына ТЖ жөніндегі қызмет
күштері мен полиция жұмылдырылды. Ұшақ ұшқыштарының есімдері қазір ғана
хабарлануда.
Алдын ала деректер бойынша, олар - Денис Горбунов пен Дәурен
Науанов. Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы олардың әлі табылмағанын
айтып отыр.
Қорғаныс министрлігі Су-27 әскери
ұшағы апатқа ұшырағаны туралы мәліметті растады және апат себебін анықтау үшін
комиссия құрылғанын хабарлады. Министрлік таратқан хабарламада «23 қыркүйекте
сағат 20:42 шамасында оқу-жаттығулар кезінде Су-27 (50) ұшағымен байланыс
үзілді», - делінген.
Илхам ИБРАГИМ