Мәжіліс бүгінгі отырысында «Еуразиялық
экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қорытынды
әзірлеуге алды.
«Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері
29-мамырда Еуразиялық экономикалық одақ құру келісіміне қол қойды. Мақсат - мемлекеттер
арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту. Комитет заң жобасын жұмысқа
алуға осы жылдың 10-желтоқсанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді заң
жобасы бойынша баяндама жасаған Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА