Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында үш бала үйінді астында қалып, біреуі қаза тапты

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2014
  • 1354

Маңғыстау облысы Бейнеу елді мекенінде үлкендердің салғырттығынан 10 жасар бүлдіршін көз жұмды. Тағы екі жеткіншек түрлі деңгейде жарақат алған.

Облыстық ішкі істер департаментінің өкілі Әлия Шермағамбетованың айтуынша, қайғылы оқиғаға құрылыс жұмыстарымен айналысатын серіктестіктердің бірінің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болды.

Төтенше жағдай тал түсте болған. 8, 10 және 11 жасар үш бала су құбырын салуға қазылған орда ойнапты. Алдын ала болжам бойынша құрылыс алаңы қоршалмағандықтан, бүлдіршіндер шұңқырға секіріп ойнаған сыңайлы. Салдарынан ордың қабырғасы құлап, 10 жасар бала топырақ астында қалады. Оқиға бойынша құрылыс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деген баппен серіктестікке қарсы қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсы дәлелденсе, жауаптылар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы:

Шұңқырға түсіп кеткен 3 баланың екеуін ғана сол маңдағы көршілері құтқарып үлгерді. Біреуі сол жерде қаза болды. Осы аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабы, 2-ші бөлімі бойынша іс қозғалып отыр. Сонымен қатар, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ