Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшқыштары мүрделерінің бөліктері табылды

  • AstanaTV
  • 25 қыркүйек 2014
  • 1477
Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшқыштары мүрделерінің бөліктері табылды

Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 ұшағын басқарған экипаж мүшелерінің денесі табылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Іздестіру жұмыстары барысында подполковник Ерлан Науанов пен Денис Горбуновтың сүйектері табылды», - делінген хабарламада. Оларды іздестіруге 4 тікұшақ пен 60-қа жуық адам жұмылдырылған еді. Іздестіру тобы кеше кешке дейін ұшқыштарды тірі табуға үміттенді. Қазір әскери ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталып жатыр.

Еске салайық, 23 қыркүйекте, кешқұрым оқу-жаттығу кезінде Су-27 ұшағымен байланыс үзілді. Ізінше, оның апатқа ұшырағаны белгілі болды. Осы оқиғадан соң елімізде Су-27 әскери ұшағын қолдануға уақытша тыйым салынды.

Илхам ИБРАГИМ