Ақтөбенің басым бөлігін нанмен қамтушы серіктесті ас атасының бағасын көтермекші

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2014
  • 1159
Ақтөбенің басым бөлігін нанмен қамтушы серіктесті ас атасының бағасын көтермекші

Диқандар арпа-бидай күйіп кетті деп отырған кезде, Ақтөбеде нан бағасының көтерілетіні белгілі болды. Алдағы аптадан бастап 1-сұрыпты нанның құны 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы қаланың 70 пайызын нанмен қамтамасыз етіп отырған «Рамазан» серіктестігінің бас директоры Орынбасар Мусин мәлімдеді.

Бағаны дәл осы наубайхана көтермекші. Олар мұны жанар-жағармай мен коммуналдық қызметтер құнының көтерілуі және аймақта егіннің шықпай қалуымен түсіндіріп отыр. Қазір Ақтөбеде әлеуметтік нанның құны 42 теңге, 29-қыркүйектен бастап ас атасы 47 теңгеден сатылымға шығарылмақ.

Илхам ИБРАГИМ