Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС құрылысы жөніндегі Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге 30-қыркүйекте қол қойылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2014
  • 1138

Атом электр стансасының құрылысы бойынша келісімдерге Атыраудағы қазақ-ресей форумында қол қойылуы мүмкін. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Айтуынша, АЭС құрылысы бойынша соңғы кездесу Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Курчатов қаласында өткен. Оған «РосАтомПром» басшылығы да қатысқан. «Қажетті материалдар даярлауға тапсырма берілді. Әзірлік жүріп жатыр, сумен, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету тұрғысында тиісті мәліметтерді ұсындық», - деді өңір басшысы.

Еске салайық, 30-қыркүйекте Атырауда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен XI-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА