Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапонияда жанартаудың атқылауынан қаза болғандар саны 36 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 1423

Жапонияда жанартаудың атқылауынан қаза болғандар саны 36 адамға жетті. Құтқарушылар олардың денесін тау бөктерінен тапты. Туристердің нақты неден қаза болғаны белгісіз. Ажалдары улы газ, күл немесе қиыршық тастардан келуі мүмкін. Құтқару операциясына барлығы 500 сарбаз, полицейлер мен өртсөндірушілер тартылған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жанартау оянған кезде Онтаке маңында 250 турист болған. Көпшлігі өз бетінше қашып үлгеріпті. Күшті атқылаудан токиолық Нарита әуежайында бірнеше рейстер кейінге шегерілді. Онтаке жанартауы Токиодан 200 шақырым жерде орналасқан.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА