Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұзақбай Қарабалин: 2019-шы жылға таяу Ресей мен Қазақстандағы бензин бағасы теңеседі

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 2019

2019-жылға таяу Ресей мен Қазақстандағы бензин бағасы теңеседі. Бүгін Атырауда «Көмірсутек саласындағы инновация» тақарыбындағы форумда жүрген Энергетика министрінің орынбасары Ұзақбай Қарабалин арнамызға осылай деді.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы бензин бағасының төмендігі ресейлік алыпсатарлардың пайдасына айналды. Қазақстандағы жанар-жағармайдың басым бөлігі қайтадан Ресей нарығында саудалануда. Сондықтан, бағаны бір ізге салу, заңсыз алыпсатарлықтың жолын кеседі деп сенеміз, деді. Сондай-ақ, Ұзақбай Қарабалин жыл соңына дейін, қазіргі баға тұрақты сақталатынын айтты.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Біз нарықтық экономикада өмір сұріп жатырмыз. Біздің елдер бір одақ құрып жатыр. Мұндай жерде екі жақта бағада айырмашылық болатын болса, осындай жағдай туа береді. Сол себептен, болашақта мысалы, 19-жылға дейін екі жақтың бағасын бірдей қылуға тырысамыз.

Базаркүл ІЗІМОВА