Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде мектеп асханасында тамақтан уланғандар саны артты

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 1141

Семейде мектеп асханасындағы тамақтан уланғандар саны 70 адамға жетті. Олардың 36-сы амбулаторлық ем қабылдауда.

«Тағамдық өткір токсикоинфекция, гастроэнтерит» диагнозымен қалалық ауруханаға 34 адам жатқызылды, - деп хабарлайды жергілікті төтенше жағдайлар қызметі. Олардың екеуі - ересек, ал қалғандары - балалар. Медициналық көмек сұрағандар, 24-қыркүйек күні он тоғызыншы орта мектептің асханасында тамақтанған. Тексеру қорытындысы бойынша, оқушылар балық котлетін жеген. Қазір мектеп асханасы қызметі тоқтап тұр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ