Русский Сайттың толық нұсқасы

Бразилия президент сайлауына дайындық үстінде

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 797

Бразилия президент сайлауына дайындық үстінде. Бүгінгі күні 10 үміткер тіркелген. Бірақ негізгі тартыс екі саясаткердің арасында болатын сияқты.

Қазіргі президент Дилма Руссеффке сайлаушылардың 40 пайызы дауыс беруге дайын. Оның негізгі қарсыласы - Мария Силва. Оны электораттың 27 пайызы қолдауға әзір екенін білдірген. Datafolha компаниясы жүргізген әлеуметтік саулнама осындай нәтиже көрсетті.

Қазір сайлауалды дода қызу жүріп жатыр. 200 миллион халқы бар мемлекетті кім басқаратыны осы жексенбіде белгілі болады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА