Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайлауға
қатысуға 39 үміткер тіркелген. Сайлау барысын
166 байқаушы қадағалайды. Олар - шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың
өкілдері.
Жалпы, ҚР Сенатында 47 депутат бар. Олардың
32-сі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен сайланады. Еліміздің әрбір 14
өңірі мен республикалық маңызы бар ірі екі қаласынан Сенатқа 2 депутаттан ғана
сайланады. Қалған 15 сенаторды Президент тағайындайды.
Самат ҚАНАҒАТОВ