Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына екі ел президенттері қатысты

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 1190

Атырауда Қазақстан және Ресейдің он бірінші өңіраралық форумы аяқталды. Екі мемлекет басшылары «Еуразия» бірлескен жобасын іске қосты. Жоба терең ұңғымаларды бұрғылауды көздейді. Жүзеге асырылғаннан кейін Каспий ойпаты аумағында 7-9 шақырым тереңдікте жатқан көмірсутегі қорын өндіруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ, бүгінгі форум барысында тараптар екі жақты тауар айналымын арттырып, жекелеген өңірлер арасында экономикалық байланысты арттыруға келісті. 

Қазақстан-Ресей өңіраралық форумында Қазақстан Президенті екі елдің экономикасының басты тірегі - мұнай-газ саласы екенін атап өтті. «Еліміз мұнай қоры жағынан әлемде 12 орында тұр, ал газ қорымен алғашқы жиырмалыққа енеді. Сондықтан, осы сала бойынша әлемдегі ең үздік трендтерді пайдалану маңызды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ мемлекеті жеңіл мұнайды өндіруден ауыр мұнай мен табиғи битум өндіруге ауысуда. Өйткені олардың қоры мол болғанымен, оны өндіру 1 пайызға да жетпейді. Ал мұнай өндірудің дәстүрлі түрінің тиімділігі төмен әрі өзіндік құны қымбат екенін айтты. Сондықтан, жаңа технологияға бет бұратын кез келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасы Президенті:

У Казахстана и  России есть огромный потенциал в углеводородной сфере. Это - апробирование новых технологий. Для нас это актуально на Прикаспийской впадине. Казахстанские компании совместно с российскими могут предложить собственное производство. Для этого есть все.

Ресей президенті де сөзін екі елді байланыстыратын жоғарғы статистикалық көрсеткіштерді атаудан бастады. Мемлекеттер арасындағы тауар айналым 6 есеге, ал Қазақстанға салынған ресейлік инвистиция көлемі 10 есеге артқан. Ол көмірсутек саласында жаңа технологияның маңыздылығына тоқталды.

Владимир Путин, РФ президенті:

Особую роль играет приграничное сотрудничество. Самой протяженной сухопутной границе 6,5 тысяч километров.

Екі ел басшылары тауар айналымында бірқатар төмендеу барын да мойындады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл уақытша құбылыс деген пікір білдірді. Екі елдің Үкіметтері нақты қадамдар арқылы бұл олқылықты түзете алады деген ойда. Ресей басшысы былтыр тауар айналымы 28 жарым миллиард долларға жетіп, тарихи рекордты жаңартқанын айтты. «Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанында бірқатар түзетулер бар», - деді Путин. Тараптар өз экономикасымен қатар, әлемдік экономикадағы да ахуалды жіті қадағалап отыру қажет деп, түйді.

Базаркүл ІЗІМОВА