Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Ресей АЭС салу туралы келісімге қол қойды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 1813

Қазақстан мен Ресей атом электр станциясын салуда ынтымақтастық орнату туралы үкіметаралық келісімді бекітті. Атырауда өткен өңіраралық форум шеңберінде Энергетика министрі Владимир Школьник пен «Росатом» корпорациясының бас директоры Сергей Кириенко елімізде атом электр станциясын салу және пайдалану жөнінде ынтымақтастық орнату туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл туралы меморандумды қос тарап мамыр айында бекіткен еді. Реакторлар қуаты 300-ден 1200 МВт-қа дейін жетпек.

Айта кетерлігі, бұған дейін атом электр станциясы қуат көзінен тапшылық көріп отырған өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында Балхаш көлінің маңында, сонымен қатар, Ақтауда және Шымкент өңірінде салынады деген болжамдар болған еді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ