Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ әскерінің құрамы Ауғанстанда қалатын болды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 914

Құрама Штаттары мен Ауғанстан қауіпсіздік жөніндегі екі жақты келісімге қол қойды. Құжат жаңа сайланған президент Ашраф Ғаниді ұлықтау рәсімінен кейін бірден бекітілген. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі жазды. Жуырда Кабулде өткен ұлықтау рәсімі кезінде АҚШ президентінің аға кеңесшісі Джон Подеста келісімге Америка тарапынан өзі қол қоятыны жайында мәлімдеген болатын. Келісімге сәйкес 2014-жылдан соң Ауғанстан аумағында америкалық 10 мыңға жуық әскери қалуы тиіс. Ал екі жылдаң соң америкалық жауынгер елден түгел кетеді, деп жоспарлануда.

Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзай тұсында Вашингтон қауіпсіздік құжатына қол жеткізе алмаған болатын. Ақ үй келісім жасасу үшін 8 айға созылған президент сайлауын күтуге мәжбүр болды.

Джон Подеста, АҚШ президентінің аға кеңесшісі:

Екі жақты қауіпсіздік келісімі АҚШ-қа Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерін дайындауға, кеңес беруге заңнамалық негіз береді. Бұл өз кезегінде, террористердің Ауғанстанды пайдаланып, АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасауының алдын алуға көмектеседі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ