Әлеуметтік
нанның бағасын өзгертпеу туралы меморандум мерзімі ұзартылғанымен, ақтөбелік
наубайханалар 5 теңгелік үстемақыны ұстап қалмақ.
Еске салайық, апта
басынан өңірдегі қос бірдей нан өндіруші серіктестік өнімдерін 5 теңгеге
қымбаттатқан болатын. Себеп - коммуналдық төлемдер мен жанар-жағармай бағасының
қымбаттауы. «Сонымен қатар, бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін әлеуметтік нан
бағасы республиканың басқа облыстарымен салыстырғанда, әлі де болса төмен», - дейді
ақтөбелік шенеуніктер. Бүгінгі күні наубайхана әрбір бөлке нанды 47 теңгеден
сатса, қаладағы сауда орындарындағы бағасы 55-60 теңге аралығында саудалануда.
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұнмен қамтамасыз етуге сөз бергенімен,
Ақтөбеде нан бағасы бүгінгіден арзандамайды», - дейді кәсіпкерлік бөлімінің
басшысы.
Анар
Даржанова, Ақтөбе қалалық кКәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
2008-жылдан бері бұл мекемелер нанның бағасын көтерген жоқ. Өзіңіз көргендей, бүгінгі
анализ бойынша 2008-жылдан бастап тағамның кейбір түрлері 2 есеге
қымбаттады. Мысалы, ет бағасы сол кезде 600 теңге болса, бүгінгі күні 1000-1100
теңге. Сондықтан, нанның 5 теңгеге өсуі осы 6 жыл ішінде заңды деп
есептейміз.
Мансұр ЕСҚОЖИН