Русский Сайттың толық нұсқасы

Рақымшылық институты Қырғызстанның жаңа қылмыстық кодексінен алынып тасталатын болды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1241

Рақымшылық институты Қырғызстанның жаңа қылмыстық кодексінен алынып тасталатын болды. Бұл ақпаратты президент аппаратының басшысы Данияр Нарымбаев сот жүйесін реформалау жөніндегі кеңес отырысында айтты.

Оның айтуынша, қазір қылмыскерлердің жазадан құтылу амалдары көп. Себебі, жыл сайын заң шығарушылар рақымшылыққа дауыс береді. Ал іс жүзінде сотталғандар жаза мерзімін толық өтейтініне күмән келтірмеу керек.

Жаңа қылмықтық кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ләйлә Сыдықованың айтуынша, көп жағдайда рақымшылықтың мақсаты - түрмелерді босату. Рақымшылық жарияланған кезде жәбірленушілердің мүдделері ескерілмейді. Және олардың шығынын толтыру мәселесі де назардан тыс қалады. Жаңа қылмыстық кодексті әзірлеу жөніндегі бастамашы топтың мүшелері мынадай дерек келтірді. Рақымшылыққа іліккендердің 30 пайызы қайтадан қылмыс жасап, темір торға тоғытылады.

Самат ҚАНАҒАТОВ