Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент Сенаты депутаттарын сайлау науқаны барысында заңнама нормаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1167

Парламент Сенаты депутаттарын сайлау науқаны барысында заңнама нормаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәлімдеді.

Оның сөзін шетелдік байқаушылар да растап отыр. Айта кетейік, бүгін елдің барлық 16 өңірінде дауыс беру пункттері кестеге сәйкес ашылды.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Сайлау заңнамасының нормаларын бұзу фактісі тіркелген жоқ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына сайлау процесіне қатысушылардан, азаматтар мен ұйымдардан шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.

Еске салайық, Сенат сайлауына қатысуға 39 үміткер тіркелген. Сайлау барысын 166 байқаушы қадағалайды. Олар - шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері. Парламенттің Жоғарғы палатасы 47 депутаттан тұрады. Олардың 32-сі барлық деңгейдегі мәслихат депутатарымен сайланады. Еліміздің әрбір 14 өңірі мен республикалық маңызы бар ірі екі қаласынан Сенатқа 2 депутаттан ғана сайланады. Қалған 15 сенаторды Президент тағайындайды.

Жұрағат БАМАН