Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік байқаушылар Сенат депутаттарын сайлау барысына оң баға берді

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 958

Алматыда Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлер арасынан жеңімпаз анықталды, деп, қалалық сайлау комиссиясы хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қалалық мәслихат депутаттары үш үміткердің ішінен Төлеубек Мұқашевты Сенат депутаттығына лайық деп таныды. Жабық дауыс беру үрдісі бойынша өткен сайлаудың қортындысында кандидатты 34 сайлаушының 30-ы қолдаған. Қалған екі үміткер тек екі дауыспен шектелді.

Төлеубек Мұқашев 1999-жылдан бері Алматы қаласы Мәслихатында депутат және 2002-жылдан бері осы мәслихаттың хатшысы қызметінде болды. Бүгінгі сайлаудың заңдылығын ТМД елдерінен келген ондаған байқаушы қадағалады. Ал, сайлаудың ақтық қорытындысын үш күннен кейін Астанада Орталық Сайлау комиссиясы жариялайды.

Айдын Жафаров, ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі бас хатшысының орынбасары /Әзірбайжан/:

Бүгін біздің миссиядан Молдова, Әзірбайжан және парламентаралық хатшылық өкілдері сайлауды байқады. Алматы қалалық сайлау комиссиясының жұмысына куә болдық. Сайлаудың жариялы, әрі тыңғылықты дайындықпен өткенін көріп тұрмыз. Барлық үміткерлер арасынан озып шыққан азаматтың жеңісін мойындауға болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ