Русский Сайттың толық нұсқасы

Испания үкіметі референдумға дайындық жұмыстарын тоқтатты

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1372

Испания конституциялық соты Каталониядағы референдумды 5 айға шегерді. Үкім Испания билігінің шағымынан кейін шығарылды.

Еске салайық, ел үкіметі Каталонияға тәуелсіздік беруден бас тартып, референдум өткізу туралы декретті заңсыз деп тануға өтініш білдірген.

Алайда, соттың ұйғарымына қарамастан, Каталонияның егемендігін жақтаушылар референдумға дайындықты жалғастыруда, деп хабарлайды испандық «Мундо» газеті. Автономды облыстың билігі тәуелсіздік туралы референдумды 9-қарашада өткізуді жоспарлаған еді.

Айта өтейік, Испания экономикасының бестен бірі Каталония үлесіне тиеді. Өңір халқы Испаниядан автономия алу үшін бірнеше жылдан бері күресіп келеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА