Русский Сайттың толық нұсқасы

Мүслім Өмірияевтің адвокаттары соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұрап отыр

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1463

Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-шенеунігі Мүслім Өмірияевтің адвокаттары соттан істі қосымша тергеуге жіберуді сұрап отыр. Владимир Росиннің сөзінше, басты куәгерлер ретінде қарастырылған Макаренко мен Антимоновтың іс-әрекеттерінде қылмыс негізі бар. Өмірияевтің қорғаушысы қос куәгерге қатысты «аса ірі көлемде пара беру» бабы бойынша қайтадан іс қозғап, қосымша тергеу шараларын жүргізу керек деп есептейді.

Айта кетейік, бұған дейінгі алдын-ала тергеу барысында Макаренко мен Антимонов пара беруші ретінде қарастырылған болатын. Алайда кейін екеуіне қатысты іс тоқтатылып, сот алдында куәгер ретінде жауап берді.

Защита просит суд возродить уголовное дело для организации дополнительного расследования, ввиду необходимости привлечения к уголовному делу новых лиц Макаренко Станислава Геннадьевича по статье 312, части 5, "передача взятки", Антимонова Евгения Викторовича по части 5, 28 части 5 статьи 312 "пособничество", поскольку действия последних связано с рассматриваемым делом.

Мемлекеттік айыптаушы қорғаушы тараптың өтініші негізсіз деп есептейді. Ал сот төрағасы Ербол Рахымбеков өтініш бойынша жауап 8 қазанда болатын кезекті сот отырысында белгілі болады деді.

Данное ходатайство подлежит рассмотрению судом в совещательной комнате, судебное заседание откладывается на 01:06:35 на 8 число.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ