Русский Сайттың толық нұсқасы

Рысқалиевтер ісі бойынша сот процесінде жарыссөз басталды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 2381

Атырауда  Бергей Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты сот процесі жалғасуда. Екі апталық үзілістен соң, қайта басталған бүгінгі процесс жарыссөзбен ашылды. Алдымен сөз алған мемлекеттік айыптаушылар тағылған айыптарды 11 бөлім бойынша оқып шықты. Сот залында 22 айыпталушы отырғанын ескерсек, прокурорлар жарыссөзі әлі де 3 күнге созылуы ықтимал. Ал адвокаттар өздері қорғайтын азаматтардың бұрынғы қызмет орындарынан мінездеме алып келіп, қылмыстық іске тіркеуді сұрады.

Райхан Әйтенова, адвокат:

Жекешелендіру жөнінде, содан кейін басқа да қылмыстық іс бойынша айыптау жағынан мемлекеттік айыптаушылар өздерінің жарыссөзін бастап, қазір жалғастырамыз. Біздің тарапымыздан, мысалы, мен өзімнің қорғауымдағы Корицкий Александрға байланысты құжаттар тапсырылды. Мінездеме жұмыс жасаған орындарынан.

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Дәукеновтің адвокаты оның ата-анасының жасы келген қарт адамдар екенін ескеруді судьядан өтініп, құжат тапсырды. Айта кетейік, сот процесі ашық өтіп жатыр. Бірақ осыған қарамастан қаңтар айындағы алғашқы отырыстан соң, бүгін ғана түсірілімге рұқсат берілді. Бірақ айыпталушылар камерадан қашқақтап, бастарын көтерместен отырды. Еске салайық, бұл процесс бойынша 22 адамның ісі қаралуда. Оларға Бергей Рысқалиевтың жетекшілігімен лауазымын асыра пайдаланды, бюджеттің 71 млрд  теңгесін қымқырды деген айыптар тағылған.

Базаркүл ІЗІМОВА