Президент
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды. Онда бірнеше нысанды
аралап, әкімдікке тың тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде ауыл шаруашылығын
дамыту, инвесторларды тарту және Кендірлі кешенінде туризмді дамыту қажеттігіне
баса тоқталды.
Елбасы «Caspian Offshore and Marine Construction» теңізге
арналған металл конструкциялар зауытына барды. Жергілікті жастармен жүздесті.
Сондай-ақ, шетелдік инвесторлармен, кәсіпорын басшыларымен кездесті. Басқосуда
өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал, мұнай-газ саласын дамыту жайы сөз
болды. Мемлекет басшысы жаңа жұмыс орындары ашылуы тиіс Арнайы экономикалық аймақтардың
қарқынына көңілі толмайтынын жеткізді.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
В
2002 году инфраструктуру начали строить. Начали строить только в 2009 году, к
сожалению, первую площадку в 2012 году, потратив 7 миллиардов тенге бюджетных средств.
Однако на сегодня в СЭЗ из 31 зарегистрированного предприятия, работают только
5. Сегодня мы обсуждали там, на площадке, какие это проекты. Пять, которые работают, работают, но по всем остальным области вместе с правительством надо работать,
чтобы начали действовать.
Сондай-ақ, Президент шикізатқа тәуелділіктен құтылу қажеттігін баса айтты. Ол үшін шағын және орта бизнесті,
логистиканы дамыту керек.
Аймақта
уран, магний мен минералды тұздардың барланған қоры бар. Бірақ, өндіріс қолға
алынбаған. Мемлекет басшысы өзге салаларға да көңіл бөлуге шақырды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Область
потребляет 20.000 тонн мяса в год, производит 5.000. Вылов рыбы 500 тонн в год,
а потребляет 5.000 в год. Не только каспийская. Область ежегодно не выполняет
заявленный объем вылова рыбы. Я сейчас приехал из Атырауской области, там
примерно такая же как у вас земля,
погодные условия. Но они полностью себя обеспечивают овощами, фруктами, даже
вывозят в Россию. Такого никогда не было.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ