Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Жүректен жүрекке» атты журналистер арасындағы республикалық байқаудың нәтижесі белгілі болды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1646

Алматыда «Жүректен жүрекке» атты журналистер арасындағы республикалық байқаудың нәтижесі белгілі болды. Трансплантология проблемалары туралы үздік телесюжет аталымының жүлдесі біздің арнаның Шымкенттегі тілшісі Жанат Тоқтарбайға бұйырды.

Бұл байқау 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Одан бөлек, газет мақалалар мен интернет ақпараттары арасындағы үздіктер тоқсан сайын марапатталып отырады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, журналистердің еңбектері арқылы заманауи медицинаның трансплантология саласы кеңінен насихатталып, оған деген оң көзқарас қалыптасуда.

Жеткерген Арзықұлов, А.Сызғанов атындағы хирургия республикалық орталығының директоры:

Ғаламторда трансплантология туралы мақалалар көп. Біз дамып келеміз. Қазіргі уақытта Қазақстанда өкпеге трансплантация жасауды жоспарлап отырмыз. Бұл ота елімізде тұңғыш рет жасалмақ.