Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1362

Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұлов ұсталды. «ҚазАқпарат»-тың хабарлауынша, бұрынғы шенеунік қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен абақтыға уақытша тоғытылды.

Бұдан бұрын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Мейрам Смағұловтың үстінен ҚК 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Смағұлов Қарағанды әкімі кезінде «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй салған «ЮТЭКС» компаниясының есебінен өзінің жеке үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген деген күдік бар. Алдын ала берілген баға бойынша, жөндеу жұмыстарына 5 млн теңге жұмсалыпты.

Еске салайық, Мейрам Смағұлов 2012 жылдың қазанында Қарағанды қаласының әкімі болып тағайындалған. Ал 2014 жылдың маусымында өз өтінішімен қызметінен босатылды.