Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирак пилоттары қателесіп, «Ислам мемлекеті» содырларына оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізді

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1144

Ирак әскери әуе күштерінің ұшқыштары қателісеп «Ислам мемлекеті» жасақтарының содырларына азық-түлік пен қару-жарақ тастаған. Бұл туралы «Әл-Арабия» телеарнасы Ирак қауіпсіздік күштерінің өкіліне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат көзінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте орын алған. Ұшқыштар азық-түлік пен су және қару жарақтарды Анвар провинциясында ислам жасақтарының қоршауында қалған әскерилерге жеткізуі керек болған. Алайда, ұшқыштар қателік жіберіп, гуманитарлық көмекпен исламдық содырларды қамтасыз етеді.

Қазір аталмыш оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл оқиғаға барлау мәліметтерінің жеткіліксіздігі немесе ұшқыштардың тәжірибесіздігі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды телеарна.

Айгүл ӘДЕПБАЙ