Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапонияда Онтакэ жанартауының атқылауынан қаза болғандар саны 48 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1473

Жапонияда Онтакэ жанартауының атқылауынан қаза болғандар саны 48 адамға жетті. Алайда, ресми түрде тек 25 адамның марқұм болғаны расталды. Жанартау маңынан құтқарушылар тағы 12 адамның мәйітін тапты.

Құтқару операциясы жанартаудың қайта атқылау қаупі туындағандықтан тоқтатылған болатын. Іздестіру жұмыстары қазанның бірінде қайта жалғасты. Онтакэден қайнаған лава қыркүйектің 27-нен бастап атқылай бастады. Және ол Жапонияда соңғы 90 жылда болмаған ең ірі атқылау ретінде тіркелді. Улы газ бен ыстық күл мыңдаған шақырымға жайылды. Апат орын алған кезде тау шатқалында 300-ден астам адам болған. Олардың алпыс шақтысы ғана төменге түсіп, альпинистер лагерінде бой тасалап үлгерді. Тағы 70 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ