Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркі әдебиеті мен мәдениетін дамытуға бағытталған академияны құруға қатысты құжат қабылданды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1273

Сенат депутаттары бір ауыздан Түркі академиясын құру келісімін ратификациялады. Аталмыш құжат Жоғарғы Палата отырысында да қызу талқыланды.

Мәселен, Сенатор Қожахмет Баймаханов Заң жобасына қатысты өткенде мәжілісте айтылған мәселені тағы көтерді. Құжат жобасында Академияның өзге мемлекет өкілінен сайланатын президенті, вице-президенттеріне және отбасы мүшелеріне дипломатиялық мәртебе беру мәселесі қарастырылған. Сенатор академияның басым үлесі Қазақстанға тиесілі екендігін айтып, бұның соңы тағы қаражат шығынына алып келмей ме деген сауал тастады. Сұрақтар бола тұра, келісім жобасы мақұлданды, ал ұйым президенті мен вице-президенттеріне айрықша мәртебе ақыры берілетін болды.

Қожахмет Баймаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Басқа мемлекетте жұмыс істеп жүргеннен кейін 3 әріптің жұмысын да істейді бұлар. Контордың жұмыстарын. Өмірге былай реально келейік, тем более бұл академия болғасын, мен ананы зерттеп жатырмын, мынаны зерттеп жатырмын деп, олардың кірмейтін тесігі болмайды ертең. Соған байланысты иммунитетті сұрап отыр олар. Енді әңгімені тікелей айттырып отырсыздар ғой.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ