Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат депутаттары Түркі академиясын құру келісімін ратификациялады

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1239

Сенат депутаттары бір ауыздан Түркі академиясын құру келісімін ратификациялады. Аталмыш құжат жоғары палата отырысында да қызу талқыланды. Мәселен, сенатор Қожахмет Баймаханов Заң жобасына қатысты өткенде Мәжілісте айтылған мәселені тағы көтерді.

Құжат жобасында Академияның өзге мемлекет өкілінен сайланатын президенті, вице-президенттеріне және отбасы мүшелеріне дипломатиялық мәртебе беру мәселесі қарастырылған. Сенатор академияның басым үлесі Қазақстанға тиесілі екендігін айтып, бұның соңы тағы қаражат шығынына алып келмей ме деген сауал тастады. Сұрақтар бола тұра, келісім жобасы мақұлданды, ал ұйым президенті мен вице-президенттеріне айрықша мәртебе ақыры берілетін болды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ