Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында тепловозбен соқтығысқан «Форд» шағын автобусының жүргізушісі 10 жылға қоныс колониясына жабылатын болды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1271

Павлодар облысында тепловозбен соқтығысқан «Форд» шағын автобусының жүргізушісі 10 жылға қоныс колониясына жабылатын болды.

Ақсу қалалық соты 45 жастағы Иосиф Гусевті бірнеше адамның өліміне алып келген жол-көлік оқиғасына кінәлі деп тауып, осындай үкім шығарды. Сондай-ақ, сот айыпталушыға қаза тапқан студенттердің отбасына 17 млн 934 мың теңге көлеміндегі моральдік шығынды төлеуді міндеттеді.

Алайда, балаларынан бір күнде айырылып қалған ата-аналар аталған үкіммен келіспей отыр. Олардың айтуынша, төрт бірдей адамның өліміне себепкер болған адам өмір бойы темір торға тоғытылу қажет.

Назначить наказание в виде лишения свободы сроком на 10 лет, с лишением права управлять автомобилями сроком на 3 года. Назначить отбывание наказания в соответствии со статьей 48 ч 5 п а) УК в колонии-поселении.

Мәдина Омарова:

Біз үкіммен келіспейміз. Ол енді үйіне қайта орала алады. Отбасымен өмір сүре алады. Ал, біз не істейміз, баламыздан айырылдық.

Еске салсақ, қанды оқиға үстіміздегі жылдың сәуірінде Ақсу қаласы маңында орын алған болатын. Тепловоз бен микроавтобус қақтығысып, оқиға орнында бір адам қаза тапты. Ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен сегіз адам жеткізілген болатын. Оның жетеуі - Ақсу кәсіби-техникалық колледжінің студенттері. Ал, біреуі - осы «Форд» көлігінің 45 жастағы жүргізушісі болатын.

Тергеу барысында шағын автобус жүргізушісінің теміржол өткеліндегі тепловозды байқамай қалғаны анықталған. Десе де, өткел маңында барлық қажетті белгілер қойылғаны белгілі. Апат салдарынан төрт жігіт көз жұмып, екі студент мүгедек болып қалды.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ