Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда батырлар клубы дамып келеді

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1717

Петропавлда батырлар клубы дамып келеді. Жастары 23-пен 40-тың арасындағы жігіттер орта ғасырдағы сарбаздардың бейнесін жасайды. Кәдімгі темір сауыт киіп, қылышпен шайқасады.

Қазір клуб мүшелерінің саны 15-ке жетті. Олар қажетті темір-терсектерін өздері жасайды. Айтуларынша, әр сауыттың салмағы 30 келіге дейін тартады. Қызылжарлық жігіттер ежелгі дала батырларының қару-жарағына бет бұрмақ. Алайда, киім үлгісінің бұл түрі қымбатқа түседі, дейді. Осы уақытқа дейін топ мүшелерінің жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, Қырымда өткен соңғы жарыста олар үшінші орынды еншілеп қайтқан.

Владимир Торопов, команда капитаны:

Біз рыцарьлардың 13-15 ғасырларда киген сауыттарын жасаймыз. Сапалы болаттан істелген сауыт неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым қымбатқа шығады. Біздің клубтағы 5 жігіттің сауыты халықаралық талаптарға сай келеді. Жарыстарға жиі қатысып отырамыз. Қараша айының соңына қарай Мәскеу қаласында әлемнің ең мықты деген батырлары жиналады. Қазір осы сайысқа дайындалып жатырмыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН