Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясында 130 адам қажылық сапар кезінде қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 943

Сауд Арабиясында қажылық сапарды өтеу кезінде 130 адам қайтыс болды. Бұл туралы Халықаралық ислам ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған «РИА Новости» хабарлады.

Белгілі болғандай, қаза тапқандардың басым бөлігі егде жастағы және созылмалы ауру түрлеріне шалдыққандар. Олардың 14-і Египеттен келген. Сондай-ақ, Ирак, Алжир, Судан, Иордания азаматтары да бар. Бұдан өзге 200-ден астам қажы Сауд Арабиясының аурухананаларында жатыр. Олардың барлығы ыстық ауа райы мен көпшілік ортаға шыдай алмаған, кейбіреулері осы себепті ауруын асқындырып алған болуы мүмкін.

Қазір мұнда ауа температурасы 35 градустан жоғары. Жалпы, биыл бес парыздың бірі - қажылықты өтеуге 265 мың адам келген. Ал, Қазақстаннан 5 мың азаматтың аттанғанын еске саламыз.

Илхам ИБРАГИМ