Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Трансформация бағдарламасының тұсаукесеріне арналған форумы өтті

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1247

«Қазақстанның жетекші компаниялары әлемдік деңгейдегі алпауыттармен бәсекеге шығуы керек». Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Трансформация бағдарламасының тұсаукесеріне арналған форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыны қадап айтты. Форумды ашқан Президент «Самұрық-Қазына» қорының аталған бағдарламасымен таныс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бірқатар компаниялардың бүгінгі деңгейін де жоғары бағалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана» компаниялары алдыңғы қатарда. «Қазақстан темір жолы» компаниясы да жоғары көрсеткіштерге жақын, бұлар ТМД аумағында жетекші орынға ие. Дегенмен, басты мәселе - олар енді әлемдегі озық компаниялармен бәсекелесуі керек. Қазақстанда бұл компанияларға бәсекелестік жоқ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА