Русский Сайттың толық нұсқасы

Бензин дағдарысы қашан және қалай шешілмек?

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 820

Қазақстандағы бензин құны ертелі-кеш көршілес Ресеймен теңеседі. Еліміздің Энергетика министрлігінің мұнайға жауапты шенділері әңгіменің ашығын айта бастады. «Бір экономикалық одаққа бірігу мүше елдердің баға саясатында да бір ізділікке түсуді талап етеді», - дейді Ұзақбай Қарабалин. Мұнайлы елде не себепті бензин дағдарысы туындады? Көршінің берген отыны жұбаныш бола ма?

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:

Сентябрь айында Ресейден зауыттардан ешқандай бізге бензин мен дизель отын берлімеп еді, қазір осы соңғы бір-екі күнде бері қарай жүру басталды.

Сайлау Батыршаұлы, экономика ғылымдарының докторы:

Өңдіріп, зауыт салып, басы қатпайды, олар жерден сорып, шетелге сатып, содан байып отыр.

Елімізде 4-ші мұнай өңдеу зауытының салынуына не, немесе кім кедергі? Бензин дағдарысы қашан және қалай шешілмек? Осы сенбіде «20:30. Біздің уақыт» бағдарламасының сараптамасында.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ