Русский Сайттың толық нұсқасы

Игерілмеген жер телімдері бойынша талап күшейтіледі

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1229

«Бұдан былай ауыл шаруашылығы немесе тұрғын үй құрылысына алынған жер телімін үш жыл ішінде пайдаланбасаңыз, көбірек салық төлеуіңіз мүмкін». Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының нәтижелері туралы брифингте Ұлттық экономика министрінің орынбасары хабарлады.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, енді жер телімін тиісті мерзімде кәдеге жаратпағандарға ескерту жасалса, жер иелері ондай учаскелерін өзгеге сату құқынан бірден айырылады. Заңды қатайтпасқа амал жоқ сынды, өйткені пайдаланылмай бос жатқан жер телімдері азаяр емес. Мәселен, өткен екі жыл ішінде тиісті мақсатта қолданылмай жатқан 5 млн-ға жер учаскесі анықталған. Оның 2 млн-ға жуық гектары мемлекетке қайтарылса, 2 млн гектарында жұмыс қайта жанданған. Ал 500 мың гектар бойынша іс сотта жатыр. Пайдаланылмай жатқан жерлердің 78 пайызы - жайылымдар. Оның 70 пайызы сумен қамтамасыз етілмегендіктен, иегірілмей жатқан көрінеді.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Біреуінде су жоқ, біреуінде свет жоқ, бірде жол жоқ, оны да тексеріп анықтадық. Мысалы, 55 мың участок пайдаланбай қалған. Оның 30 мыңы мүмкіндігі болып пайдаланбаса, қалғаны шынында да су, светі болмай пайдаланған жоқ. Оны екі мәселеге бөліп қарау керек. Үкімет, жағдай жасадық па, жасамадық па деп.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үкімет суармалы жерлерді де қолға ала бастапты. Енді суармалы жерлерді дамытамын деген шаруа шығынының 80 пайызын мемлекет субсидияламақ.

Айгүл ӘДЕПБАЙ