Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды қаласының экс-әкімі екі айға қамалды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1806

Қарағанды қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібеков тұтқындалды. Қазыбек би аудандық сотының шешімен, ол екі айға қамауға алынды. Шенеунікке қызмет бабын асыра пайдалану айыбы тағылып отыр.

Сондай-ақ, дәл осы соттың екінші залында Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловты да қамауға алуға рұқсат берілді. Қаланың бұрынғы басшысы да АК 159/1 тергеу изоляторына қамалды. Лауазымды шенеунік қызмет бабын асырып, жемқорлыққа жол бергені үшін айыпталуда. Сот залындағы оқылған деректерге сенсек, ол көше шамдарын орнатуға бөлінген қазына қаржысын талан-таражға салып, өздерінің тамыр-таныстарына көп қабатты үй салу үшін 12 жер телімін таратып берген. Бірақ жаңа ғимараттар бой көтермеген, ал ебін тауып екі асаған пысықтар, тергеушілердің айтуынша, алған жерді сатып жіберген.

Айта кетейік, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев қамауға алынғаннан кейін, оның қол астындағы шенеуніктер де жаппай ұстала бастады.

Еркеш Маукен, Қарағанды қаласы Қазыбек Би ауданындағы №1-сот судьясы:

Сот сыбайлас жемқорлық деректері бойынша күдікті деп танылған Смағұловты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Еркін ҚАРИН