Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан Гонконгке келуші туристер саны азайды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1752

Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан Гонконгке келуші туристер саны азайды. Тек соңғы апта ішінде аралға сапарлаушылар бірден 375 мыңға қысқарды. Әдетте қазан айының басында Гонконгке келуші шетелдік туристер легі көп болатын. Өйткені осы кезде мұнда мемлекеттік мерекелер бар сән-салтанатымен тойланады. Биыл жағдай мүлдем өзгеше. 

Бүгін наразылық танытушылар тағы бас көтеріп, полиция қызметкерлерімен ерегісе бастады. «Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары. Жаппай тәртіпсіздіктер күні кеше жасалған келіссөздерге қарамастан жалғасып жатыр. Бұдан бұрын ереуілшілер автономия әкімшілігінің басшысы Керри Лэммен ымыраға келген еді. Олар жергілікті басшылықты сайлау құқығын сақтап қалғысы келеді. Бейжің бұл ұсыныспен келісіп, 2017 жылдан бастап Гонконгқа мұндай мүмкіндікті беруге уәде берді. Алайда Гонконг тұрғындары  дауыс беруді толық демократияландыруды талап етіп отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА