Русский Сайттың толық нұсқасы

Теміртауда полицейлер 7 адам мен бір итті өрттен аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1282

Теміртауда полицейлер 7 адам мен бір итті өрттен аман алып қалды. Кезекшіліктегі тәртіп сақшылары үйлердің бірінен жалынды байқап, тұрғындарды ұйқыларынан оятқан.

Ел шырт ұйқыда жатқан кезде жеке үйден өрт шыққан. Баспанаға есіктен кірмек болған полицейлерге жалын мен қою түтін кедергі жасапты. Тез қимылдаған патрульдік-жол полиция сержанттары терезені сындырып ішке енген. Ыстың иісіне уланып, естерінен танып қалған адамдарды алып шыққан. Желдің күштілігінен жалын, көрші тұрған үйге де көшіп үлгерген. Ол жақтан да кәмілетке толмаған балалар мен зейнеткерді құтқарған. Үй иелерінің көмегімен полицейлер ас бөлмесіндегі газ баллонын шығарып, ауладағы автокөлікті қауіпсіз жерге апарыпты. Бір баспана толығымен өртеніп кетті. Тілсіз жаудан 7 азамат және үйшіктегі ит аман қалды.

Бәрі қас пен көздің арасында болды. Олар бірден балаларды тарпа бас салып, көрпеге орап алып шықты. Анам болған жасы келіп отырған, ол кісіні де алып шықты. Біз өміріміз үшін бұл кісілерге қарыздармыз. Олар көмектеспегенде, не боларын білмеймін.

Нұрлан Аманжолов, Теміртау қаласы ІІБ жол-патрульдік батальон полициясы:

Үйдің иесі итім бар ана жақта байланып тұрған деді. Қазақта ит жеті қазынаның бірі дейді ғой. Барсақ, иті үйшігіне кіріп кетіпті. Қарғы бауынан босатып алып шықтық. Құшақтап жылап, рақметін айтты.

Мансұр ЕСҚОЖИН