Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәжікстан президенті жағдайы келмейтіндерді құрбандық шалудан бас тартуға шақырды

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1319

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон әлеуметтік жағдайы нашар ел азаматтарын құрбандық шалудан бас тартуға шақырды. «Одан да бұл ақшаны өз балаларыңызға жұмсаңыздар», деді президент. Киім-кешек, білім алу сынды баланың құқығы толық орындалса ғана құрбандық шалу керектігін атап өткен.

Соңғы кезде Тәжікстанда Құрбан айтты мерекелеу бәсекелестікке айналып барады. Тіпті, лайықты дастарқан жаю үшін өзгеден қарыз алатындар көбейген. Ал елде әлеуметтік жағдай мәз емес. Сондықтан да мемлекет басшысының өзі мұндай шығындарды қысқартуға шақырып жатыр.

Айта өтейік, биылғы жылы Тәжікстанда Құрбан айт мерекесі бір күн кеш басталды. Яғни, қазанның 4-і емес, 5-і күні. Тәуелсіз БАҚ мұны 5 қазандағы ел президентінің туған күнімен байланыстырып отыр. Бұл күні президент Эмомали Рахмон өзінің 62 жылдығын атап өтті.

Илхам ИБРАГИМ