Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда балаға екпе жасатудан 136 ата-ана бас тартты

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1427

Балаларына екпе жасатудан бас тартқан оралдықтар өздерінің қарсылығын нотариус арқылы заңдастыруға көшкен. Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Басқарма мамандары көп жағдайда дін жолына түскен ата-аналар балаларын ектірмейді, дейді. Күні бүгінге дейін 70 балаға ата-анасының қарсылығынан түрлі ауруларға қарсы егу шаралары жасалмаған. Бүгінде дәрігерлер баласын ектіруге қарсы шыққан азаматтармен түсінік жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесі де жаман емес. Егер осыған дейін 126 адам баласын ектірмесе, қазір олардың қатары 55-ке азайған.

Денсаулық сақтау туралы заңда әрбір қазақстандықтың аурудың алдын алу мақсатында міндетті түрде екпе алуы керектігі көрсетілген. Бірақ, бұған бағынбағандар заңды айналып өтудің тың тәсілін тапқандай.

Мәншүк Аймұрзиева, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Нотариустардың қолхат беруі заңсыз деп анықталды. Сондықтан, ондай жағдай болса, қолхат берген тұлғалар жауапқа тартылады деп ойлаймыз. Бұл жағын да ойластырып жатырмыз қалай жұмыс жасауға. Ал енді тек қолхат құжат емес.

Еркін ҚАРИН