Русский Сайттың толық нұсқасы

Рамзан Кадыров Грозныйдағы теракт ұйымдастырушыларын аямаймын деді

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1121

Рамзан Қадыров лаңкестерге қарсы күресті күшейтпек. Бұл туралы Шешенстан президенті өзінің «Instagram»-дағы парақшасында жазған.

Айтуынша, бес адамды жарып жіберген, өзі де опат болған 19 жастағы Апти Мударов ешбір ұйымның мүшесі емес көрінеді. «Ондайлар тек зорлық-зомбылықтың тілін түсінеді. Ваххабистердің өмір сүруге құқығы жоқ», - деп жазады Рамзан Қадыров. Бұған қоса, Шешенстан президенті Грозный қаласында болған террористік актіге қатысы бар адамдардың көзін жоятынын айтты.

Еске салайық, 5 қазан күні Грозныйда Қала күніне арналған мерекелік шара кезінде жарылыс болған. Полицейлер металл іздегіш аппараттың алдында тұрған бір топ адамның ішіндегі жас жігітке жақындай бергенде ол денесіне таңып алған жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Жарылыстан бес полицей қаза тауып, 12-сі жараланды.

Рамзан Қадыров, Шешенстан республикасының президенті:

Құқық қорғаушылар өз міндеттерін мінсіз атқарды. Аллаға шүкір, тұрғындар мен келген қонақтар жапа шеккен жоқ. Жақын арада осы террорлық әрекетке қатысы барларды анықтап, көзін жоямыз.

Жұрағат БАМАН