Русский Сайттың толық нұсқасы

Террористер жалған құжат жасап, Батыс Еуропаға бет алмақ

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1151

«Ислам мемлекеті» әскерилері босқын ретінде Сириядан Түркияға кіруге әрекеттеніп жатыр. Лаңкестер онда жалған құжат жасап, Батыс Еуропаға бет алмақ көрінеді. Бұл туралы «ИТАР-ТАСС» агенттігі хабарлады.

АҚШ барлаушылары террористік топ мүшелерінің телефон арқылы Еуропаға бет алу туралы жоспарын тыңдаған. Әңгіме барысында «Ислам мемлекеті» әскерлері Еуропаға ұшақ арқылы қатынауға болмайтынын айтқан. Осы ретте Еуроодақтың 8 мемлекеті шекара бақылау қызметін күшейту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы британдық «Daily Telegraph» басылымы ақпарат көздеріне сілтеме жасап мәлімдеді. Бұл мәселе Еуроодақ елдері ішкі істер министрлерінің басты отырысында талқыланатын болады. Кездесу келесі аптаға жоспарланған.

Жұрағат БАМАН