Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жемқорлыққа қатысты айыпталған әйел бесінші қабаттан секіріп мерт болды

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2014
  • 1111

Қостанайда жемқорлыққа қатысты айыпталған әйел бесінші қабаттан секіріп мерт болды. Қайғылы оқиға өткен жұмада болған. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың жазбаша таратқан  ақпарына сай,  осы күні «Сәулет және құрылысты  бақылау» департаментінің  бірнеше шенеунігіне қатысты  алдын-ала сот тыңдауы өтуі тиіс еді.

Күдіктілер қатарында Гүлфарида Тайырбергенова да бар. Ол пара алушы мен беруші тарапқа делдалдық  жасағаны үшін жауап беруі керек болатын. Алайда  айыпталушы өзі тұратын  үйдің ең жоғарғы  қабатынан секіріп  кеткен.

Алла Поддубная,  Г. Тайырбергенованың көршісі:

Өткен жұмада таңғы сағат сегіз шамасында қоқыс төгуге шыққан көрші әйел  қайғылы оқиғаны өз көзімен көргенін айтты. Жоғарғы қабаттан секірген әйел төмендегі  балконның тұсына келіп құлаған.

Сот органдары бұл оқиғаға қатысты өзге мәлімдеме жасаған жоқ. Жарақаттанған  Гүлфарида Тайырбергенованың жанын сақтап қалу үшін қолдан келгенді жасадық дейді қалалық аурухана дәрігерлері. Ота жасалған соң, әйел бір тәуліктей тірі жатқан. Бірақ алған жарақаты тым ауыр болғандықтан, жан тапсырған. 

Игорь Войтов,  Қостанай  қалалық  ауруханасы  бас дәрігерінің орынбасары:

Бізге жеткізілген науқастың жарақаты өте ауыр, тіпті тірі қалуы екіталай еді. Өкінішке қарай, қатты жарақаттың салдарынан қазанның төрті күні түстен кейін ол қайтыс болды.

Заңғар САНАЙ