Русский Сайттың толық нұсқасы

Реформалар сапалы орындалу үшін, Парламентке іскер азаматтар келуі тиіс

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2016
  • 1357

Халықтың мүддесіне сай жұмыс істейтін реформалар сапалы орындалу үшін, Парламентке жаңа іскер азаматтар мен саясаттанушылар келуі тиіс. Елге танымал саяси сарапшылардың пайымы осы. Жемқорлықты тамырымен жойып, кәсіпкерлердің тапқанын өз мүддесіне емес, ел өндірісінің өркендеуіне жұмсауын қадағалайтын заңдар қажет. Жаңадан жасақталатын құрам осындай құжаттарды реттейтін күш болуы тиіс,- дейді бірқатар сарапшылар. 

Дос Көшім, саясаттанушы:

Парламенттің жаңару кезеңі келіп тұр. 90 жылдары әлі есімізде Парламентке экономистер мен заңгерлер келу керек деген мәселе көтерілді. Өйткені заң шығару мәселесі. Бірақ жалпы дүниежүзінде Парламентке саясаткерлер келеді. Бізде ол саусақпен санарлық.

Айгүл ЕРМАХАН