Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның сұйық отын сапасын жаңа еуростандарттарға сәйкестендіру Еуропаға аса тиімді

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1677

Қазақстанның мұнай өңдеу саласын дамытып, жанармай сапасын жаңа еуростандарттарға тез арада сәйкестендіру Еуропаға аса тиімді. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тілшісіне әлемдегі ірі химиялық концерндердің бірі болып саналатын BASF компаниясының арнайы химикаттар мен майлар департаментінің директоры Кристофер Бер айтты.

Кристофер Бер, BASF арнайы химикаттар мен майлар департаментінің директоры (Германия):

Біз Қазақстанның мұнай өңдеу саласы жаңа деңгейге көтеріліп, жанармай сапасы Еуро-4 пен Еуро-5 стандарттарына көшеді деген сенімдеміз. Бұл процесс неғұрлым жылдам өтсе, солғұрлым сізге де, бізге де пайдалы. Өкінішке орай, Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының жаңартылуы қаншалықты деңгейде екендігі туралы ақпарым жоқ. Бүгінде еуростандарттары әлемдік трендке айналған. Мен Қазақстан жаңа сапа стандарттарына алдағы бір-екі жылда көшетініне сенімдімін. Сіздердің мемлекеттеріңізде мұнай жеткілікті, үрдісті тежеп тұрған тек зауыттардың қуаттылығы.

Жұрағат БАМАН