Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәжікстан билігі әлеуметтік желілерді жаппай жауып жатыр

  • AstanaTV
  • 07 қазан 2014
  • 1330

Тәжікстан билігі әлеуметтік желілерді жаба бастады. Оның ішінде кең қолданыстағы Facebook, ВКонтакте желілері мен YouTube бейнепорталы, Уикипедияның орысша нұсқасы мен ресейлік ақпараттық сайттар да бар. Қазірдің өзінде жабылған ақпараттық желілер 200-ге жетті.

Бұған үкіметке қарсы ереуілге шығу үндеулерінің интернетте жиі тарай бастауы себеп болған. Қазір әлеуметтік желілерде «Тәжікстан өзгерістерді талап етеді, Рахмонсыз Тәжікстан» деген жазбалар пайда болуда. Сарапшылар мұны мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін сипаттағы ұран деп есептейді.

Айта кету керек, елде мұндай тыйым осыған дейін де қабылданған. Сол кезде жабылған ресурстарды ашуға машықтанған қолданушылар, қазір тәжірибесін ғаламторда қолданып жатыр. Әлеуметтік желідегі билікке қарсы жазбалар да азайған жоқ. Белсенділер халықты 10 қазанда ереуілге шығуға үндеп жатыр.

Илхам ИБРАГИМ