Русский Сайттың толық нұсқасы

Баффет келесі президент Клинтон болады деп болжады

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 911

АҚШ-тың кезекті президенті Хиллари Клинтон болады. Әлемдегі ең бай адамның бірі - Уоррен Баффет осылай деп есептейді. Ол мұны «Fortune» журналы ұйымдастырған «Ең ықпалды әйелдер» форумында мәлімдеді.

Өз болжамының дәл келеріне өте сенімді Баффет, тіпті бәс тігуге әзір екенін де айтып салды. Бұрынғы бірінші ханым және экс-мемлекеттік хатшы Ақ үйдің қожайыны болғысы келетінін бұған дейін бірнеше рет білдірген. Хиллари Клинтон әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ, бірақ саясаттанушылар оның сайлауалды кампанияны бастап кеткенін айтуда. Уоррен Баффет Клинтон ханымның қарсыластарының атын атағысы келмеді.

Еске салайық, Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшы болған кезінде сыртқы саясаттағы қатаң ұстанымдарымен есте қалған-тын.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА