Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей мұнай өнімдерінен түсетін 700 миллионнан қағылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 935

Ресей Белорусияның пайдасына бола мұнай өнімдерін экспорттаудан түсетін 700 млн доллар табыстан бас тартуы мүмкін. Ал, Минск Мәскеуге төленетін салықтан босатылады. Бұл туралы Ресей Федерациясының вице-премьері Аркадий Дворкович мәлімдеді.

Тараптар ресей мұнайынан өндірілген өнімдерді Белорусияға экспорттаудан алатын салыққа қатысты жаңа келісімді пысықтаған.

Еске салайық, Ресей көктемде мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттауға салынатын салықты күрт түсіруді жоспарлап отыр. Есесіне пайдалы қазба өндірісіне салынатын салықты өсірмек. Бұл «қара алтын» бағасының көтерілуіне әкелуі мүмкін, дейді сарапшылар.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА