Русский Сайттың толық нұсқасы

«Алтын жүрек» сыйлығына үміткерлердің есімдері жарияланды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2014
  • 1178

Жақсылық жасауға жаны құмар қайырымды жандарды анықтауға бағытталған «Алтын жүрек» сыйлығына үміткерлердің есімдері жарияланды.  Биыл еліміз бойынша «Алтын жүрек» қоғамдық сыйлығына 100-ден астам үміткер қатысуға өтініш білдірген. Сарапшылар мен  қоғамдық кеңестен тұратын қазылар алқасы жыл сайын 11 аталым бойынша үзідіктерді анықтайды.

Қазіргі кезде  кеңес мүшелері әр номинация бойынша 3 үміткерден іріктеген. Бұл тізімде «Ақпараттық қолдаушы» аталымы бойынша "Астана" телеарнасы да бар. Ал жеңімпаздардың есімі қазанның 27 жұлдызында өтетін салтанатты марапаттау кешінде белгілі болады. «Алтын жүрек» сыйлығын тағайындау 8 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты - адамзат үшін қалтқысыз еңбек етіп жүрген қайырымды жандарды марапаттау. Олардың еңбегін халыққа насихаттау.

Тұяқ Есхожина,  «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің директоры:

Қаншама азаматтар мен азаматшалар көп еңбек сіңірген. Әсіресе, қайырымдылық жолында көп жақсылық жасаған. Бұл біздер үшін елімізде болып жатқан үлкен жаңалық болып есептелінеді. Өйткені тек өзіміздің «қара басымызды» ойлап қоймай, еліміздегі жоқтыққа, жетім балалар болмасын деп атсалысу, жетіспей жатқан жағдайларға қол ұшын беру үлкен ізгілік болып есептеледі.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ